- Президент «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, - делінген құжатта.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау Қазақстандағы толық цифрланған алғашқы қала болатынын айтқан еді.
Сондай-ақ Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлуді тапсырды.