Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді.

Фото: Ақорда

Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі — дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Көрменің мақсаты — Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту. 

Айта кетелік бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты Халықаралық симпозиум болған еді