Мемлекет басшысы «Алтынемел» мемориалды музейіне барды

Президентке Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов жайлы жазылған еңбектердің бәрін оқып шыққанын еске алып, оның зерттеу жұмыстарымен таныс екенін айтты.

Фото: Ақорда

Сонымен қатар Президент музейдегі жәдігерлерді әлі де толықтыра түсу керек екеніне назар аударды.

Фото: Ақорда

Президент Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, музей қызметкерлерімен әңгімелесті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша музейге және осы мәдени-туристік нысанға баратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 

Фото: Ақорда