Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді. 

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, былтыр Астанада АӨСШК штаб-пәтерінің жаңа ғимараты салынатынын, жобаның іргетасын қалау рәсімі өткенін жазған едік.