Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетелік Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысқан еді