Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
09:02, 26 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айтты.