Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев  Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.  

Фото: Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин

Еске сала кетейік, Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды. 

Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті.