Мемлекет басшысы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
10:38, 12 Желтоқсан 2025
АШХАБАД. KAZINFORM — Бұл кешен Түрікменстанның бейбітшілік пен жасампаздық ұстанымына бейіл екенін көрсетеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форум аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да мемлекеттер басшыларымен бірге Бейтараптық монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Президент Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласына барғаны белгілі болды.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді.