– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, кеше Бразилияның Сан-Паулу қаласына жақын жерде Voepass компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз. Компанияның хабарлауынша, ұшақта 61 адам болған. Жергілікті билік жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы тірі қалмағанын жариялаған еді.