Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді
ҚАЗАН. KAZINFORM – Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барғанын хабарладық.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.