Мемлекет басшысы Дәурен Қосановпен және Ерлан Ыдырысовпен кездесу өткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып жаңадан тағайындалған Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Кездесуде Мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.