Президент BS Arena спорт кешеніне барды

Фото: Фото: Ақорда

АҚТАУ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. 

Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.

Фото: Ақорда

Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда