Әйелдер арасында синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева ақтық сынға жолдама алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов жекелей сайыстың алғашқы іріктеуінде сәтті өнер көрсетіп, екінші кезеңге өтті.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал ертең, 28 маусымда өтеді.
Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан жасөспірім қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.