Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Президент Корольдің Біріккен Корольдіктің игілігі жолындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.
15:45, 13 Маусым 2026
Мемлекет басшысы ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.