Мемлекет басшысы Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады

Фото: Ақорда

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даррен Вудс компанияның Теңіз және Қашаған кен орындарындағы перспективасы жөнінде пікір алмасты.

Осыдан бұрын Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдағанын жазған едік.