Мемлекет басшысы Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, Эфиопия — Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі.

— Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Осыдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.