Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес пен Еуропалық комиссия президенттерімен кездеседі

Фото: Фото: Ақорда

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Ақорда Мемлекет басшысының Еуропалық Кеңес пен Еуропалық комиссия президенттерімен кездесетінін мәлімдеді.

- Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Самарқанд қаласына барғаны хабарланды.