Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетуге бағытталған саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуде өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жалғастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді.
Сонымен қатар Украина Президентімен кездесіп, екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.