Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.

Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді.