Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық және ауқымды цифрлық активтер экожүйесін құруға, инфрақұрылымды (крипто хаб) дамытуға және халық пен бизнеске қызметтердің толық спектрін ұсынуға бағытталған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Цифрлық активтер нарығын дамыту аясында Қазақстан қор биржасында (KASE) токен түрінде қаржы құралдарын шығару қарастырылып жатыр.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Президент Ghtpbltyn Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығын көрген еді.