Қазақстан Президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстаған еді.