АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.
Осыған дейін Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болғанын жаздық.
Сондай-ақ Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 500-ден асқаны мәлім болды.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.