Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
10:45, 11 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады.