Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады
15:31, 01 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.