АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Канаданың Либералдық партиясы сайлауда көш бастап тұрғанын жазған болатынбыз.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.