Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күніне арналған концертті тамашалады
19:06, 23 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Заң және тәртіп» апталығы аясында өткен мерекелік іс-шараға құқық қорғау құрылымдарының басшылары, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ азаматтарды құтқару үшін өмірін құрбан еткен полиция қызметкерлерінің жақындары қатысты.
Концертте отандық өнер шеберлерінің шығармалары ұсынылды.
Кәсіби міндетін орындау кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алған реквием көпшіліктің көңілін қозғады.
«Жас сақшы» полиция сыныбы оқушыларының орындауындағы ән де ерекше жылы әсер қалдырды.
Айта кетейік, Президент қоғамдық тәртіпке үлес қосқандарды марапаттады.