АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.
– Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз, – делінген жеделхатта.
Айта кетелік Қатардағы зауытта жарылыс болған еді. Қатардың ең ірі энергетикалық кешеніндегі жарылыс кезінде 50-ден астам адам жарақат алған еді.
Назым Бөлесова
Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің түлегі.