Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: Ақорда
Бұл компания 2013 жылы құрылған. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияда дөңгелекті бронды техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Қазақстан аумағында өз өндірісін ашу және бәсекеге қабілетті заманауи бронды техникаға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ түрлі міндеттерді орындауға арналған бронды дөңгелекті машина өндірісін өркендету аталған компанияның артықшылығы саналады.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы осы саланы ілгерілетудің келешегі зор екенін ерекше атап өтіп, компанияны қорғаныс өнеркәсібіне маманданған отандық кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты атсалысуға шақырды.
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.