«Сіздің мемлекеттік сапарыңыз Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының дамуындағы маңызды межені белгілейтін шын мәніндегі тарихи оқиға болды. Ресей – Қазақстан үшін стратегиялық серіктес және сенімді одақтас.
Бізді достық, ғасырлар бойғы тату көршілік пен ортақ тарих біріктіреді. Мемлекеттеріміз осы теңдессіз құндылықтарға сүйене отырып, болашаққа бет бұрған мағыналы қарым-қатынасты қалыптастырды», - деді Мемлекет басшысы.
Президент ресейлік әріптесімен өткізген шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерге де тоқталды.
«Келіссөздер іскерлікпен, ашықтықпен ерекше болды және шын мәнінде нәтижелі болды. Біз күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, стратегиялық әріптестігіміздің перспективалық бағыттарын белгіледік. Күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, екіжақты қатынастар өршіл бағытпен, қарқынды дамып келеді деген ортақ пікірге келдік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.