Мемлекет басшысы KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады.
Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие екені айтылды.
— Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барғанын жазған едік.