Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады
17:07, 01 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Нигерия Президентін тәуелсіздіктің 65 жылдығымен құттықтаған болатын.