Мемлекет басшысы Қытай астанасына барды

Фото: Акорда

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған дейін Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталғанын, Президенттің ендігі сапары Бейжіңде жалғасатынын жазған едік. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысының «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысқанын хабарлаған болатынбыз.