Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

-Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты, - делінген хабарламада. 

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Колумбияда 10 тамызда елдің батысында болған 7,4 балдық жер сілкінісінен кейін ұлттық апат режимі жарияланды.