Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
11:26, 03 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.
Айта кетелік бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kazakhstan Energy Week — 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы қатысушылары мен қонақтарына арнайы үндеу жолдаған еді.