Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
21:23, 04 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.
Айта кетейік, бүгін Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.