Мемлекет басшысы көрме павильонын аралап көрді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды.

Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. 

Фото: Ақорда

Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген. Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сондай-ақ көрмеде Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мәдени мұрасы мен меймандос халқының бай рухани қазынасымен танысуға болады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездескенін жазған едік.