Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.