— Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.