Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді. 

Бұл Мажарстан Корольдігінің құрылуы және Мажарстанның бірінші королі Әулие Иштван I-ге құрмет көрсету үшін тойланатын мереке.

Айта кетелік 22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады