Мемлекет басшысы Минск қаласына барды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Минск қаласына барғанын Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Минск қаласына келді, - деп жазылған дереккөзде.

Айта кетейік, бүгін Президент бірқатар құжат пен кодекске түзету енгізетін заңға қол қойды.