Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
09:30, 23 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.
— Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтқан болатын.