Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

— Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келгенін жазған едік.