— Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, қаза тапқандар саны 144-ке жеткен болатын.
Мемлекет басшысы Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты, осы елдің Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.