Мемлекет басшысы еліміз Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді.
Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады.
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады.
Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы байланысты жандандыру маңызды екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде бірінші болып cөз сөйлегенін жазған едік.