Мемлекет басшысы Нұрлан Сауранбаевқа көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
Айта кетелік Мемлекет басшысы бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдаған еді.