Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
17 мамыр күні болған тілдесуде Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президентіне жауапты мемлекет басшылығы қызметінде табыс тілеп, сондай-ақ бауырлас қазақ елінің өсіп-өркендеуіне тілектестігін білдірді.
Одан бөлек, қос ел Президенті өзбек-қазақ қарым-қатынасының болашақ дамуы мен нығаюы, тату көршілік және одақтастық мәселелерін талқылады. Алдағы екіжақты кездесулер мен көпжақты іс-шаралар күн тәртібі нақтыланды.
Сондай-ақ сауда, өнеркәсіптік кооперация, логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, мәдениет салаларын қамтитын жаңа екіжақты тәжірибелік әріптестікті қалыптастыру күн тәртібіндегі жұмыстарды жалғастыруға зор мән берілді.
Осыған дейін Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимира Путин және Беларусь басшысы Александр Лукашенко құттықтады.