Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
17:31, 08 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.