Президент жеделхатында Қазақстан Палестинаны араб әлеміндегі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын әрі аталған елді нығайтуға және жарқын болашаққа негіз болатын халықаралық бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін жазған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Палестина халқына бақ-береке тіледі.
09:00, 15 Қараша 2025
Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестина мемлекетінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.