АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.