Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
15:03, 10 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.
Айта кетелік Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдаған еді.